2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚР Ұлттық академиялық кітапханасында суретші-аниматор, иллюстратор Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты кезекті сурет көрмесі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қылқалам шеберінің осы уақытқа дейін салған 76 суреті бар. Көрмеде оның 45-і тұр. Суретші идеяны күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік мәселелерден, журналистерден аламын дейді.
«Әлеуметтік желіде журналистер өзінің ұсынысын айтып тұрады. Сосын оның суретін салып шығамын. Негізінен әлеуметтік тақырыптарды қозғаймын», - деді ол.
Аңсаған Мұстафа суреттерінде әлеуметтік мәселелер, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық, ішімдік, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сынды әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Көрмеге қатысуға мектеп оқушылары мен студенттер, көркем өнермен айналысатын шеберлер және өнерсүйер қауым келді. Өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.
Көрмеде білім алушы «Сізге бір сурет салу үшін қанша уақыт керек?» деп сұрақ қойды.
«Суретті салмастан бұрын ұзақ уақыт ойланып жүремін. Кейін шамамен 30 минут пен 1 сағаттың ішінде салып тастаймын», - деп жауап берді Аңсаған Мұстафа.
Бүгінде иллюстратордың суреттері әлеуметтік желіде кеңінен танымал. Аңсаған Мұстафаның шығармашылығы шетелдегі көрмелерге де шығып тұрады. Оған қоса қылқалам шебері жейдеге ұлттық нақыштағы әртүрлі тақырыптағы суреттерді салумен айналысады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова