Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада «Заң және Тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен жергілікті полиция және пробация қызметтерімен бірлесіп мамырдың сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру жөнінде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың сот жүктеген міндеттерін орындауын бақылауды қамтамасыз ету және рецидивтік қылмыстардың алдын алу.
Мұндай шаралар құқықтық тәртіпті нығайтуға, елордада қауіпсіз орта құруға және сотталғандардың құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.
Үш ведомствоның үйлестірілген жұмысы құқық қорғау жүйесінің қылмыстың алдын алудағы тиімді ынтымақтастығын көрсетті.
Сотталғандардың өздері үшін тексеру белгіленген ережелерді сақтаудың маңыздылығын және олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін еске салу болды.
Профилактикалық жұмыстың қорытындысы бойынша мобильді топтар тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 11 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, түнгі уақытта тұрғылықты жерінде болмағаны үшін 46 ескерту жасады және пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты жерін өзгерту туралы 19 ескерту шығарды.
Бұл бағыттағы жұмыс күн сайын жүргізіліп, жүйелі негізде жалғасын табуда.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова