23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің салалық волонтерлікті дамытуға арналған кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиын барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы стратегиялық серіктестік аясында әзірленген әдістемелік құралдарды таныстырды.
Іс-шараға волонтерлікті дамытуға жауапты салалық ведомствалар қатысты. Олардың қатарында Ішкі істер министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері бар.
Қатысушылар мемлекет пен волонтерлік ұйымдар арасындағы өзара тиімді ыртымақтастықты талқылап, тәжірибе алмасты және салалық волонтерлікті ұлттық деңгейде енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Әдістемелік құралдарда нұсқаулықтар мен үздік тәжірибелер жинақталған. Аталмыш басылым түрлі секторлардағы волонтерлік қозғалысты жүйелі дамытуға бағытталған. Бұл – мемлекеттік органдарға волонтерлермен ашық әрі нәтижелі байланыс орнатуға арналған көмекші кұрал.
Салалық гранттар жобасы аясында төтенше жағдайлар, экология, медицина, әлеуметтік қорғау, мәдениет және зооволонтерлік салалары бойынша 60 шағын грант бөлінді. Салалық волонтерлік мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестікті нығайтып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады