28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласында садақ атудан «Grand Prix Astana» II халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарыс Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтіп жатыр.
Биылғы додаға Қазақстаннан өзге Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Судан, Пәкістан, Қырғызстан, Ресей, Корей, Беларусь елдерінен мергендер қатысуда. Мұндай халықаралық сайыстың елімізде, оның ішінде еңселі елордамызда өтіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Жарыстың мақсаты – мергендік дағдыны жетілдіруде тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынасты нығайту. Бүгінгі жарыста үздіктің үздігі жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз, – деді қалалық Спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.
Фото: gov.kz
Айта кетейік, аталмыш додаға әлемнің 10 елінен 125-ке жуық мерген қатысуда. Олар бес күн бойы әртүрлі қашықтық, жылдамдық және түрлі нысанаға оқ атудан кіл мықтыны анықтайтын болады.
Фото: gov.kz
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?