1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz
«Қазақстан католиктері үшін көптен күткен оқиға жақындап келеді. Рим Папасы Франциск Съезге келу сапары аясында ашық аспан астында Месса рәсімін өткізеді. Іс-шара 14 қыркүйек күні сағат 16:45-те Мәңгілік Ел даңғылы, B1 мекен-жайында (Nur Alem павильоны алдындағы алаң - EXPO халықаралық көрме орталығының аумағы, стелланың жанында) өтеді. Кіру тегін», - деп жазды ол.
Шараға кез келген дін мен конфессия өкілдері қатыса алады.
«Тәртіп ережелері, сондай-ақ Мессаболатын дерге қалай жетуге болатыны туралы толық ақпаратты Қазақстанның католиктер шіркеуінің ресми сайтынан қарауға болады», - деп жазды форумның ресми өкілі.
Сондай-ақ, католиктердің шараға қатысуы бөлек реттелетіні айтылған. Ол үшін дін ұстанушылар 30 тамызға дейін билет алып, тіркеуге өтуі керек.
«Айта кету керек, қонақтардан кептеліс тудырмас үшін жеке көліксіз келуді сұрайды. Ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Жиналу орындарын католик шіркеуінің веб-сайтынан да табуға болады», - деп жазды Назым Жанғазинова.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?