Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада 24 қазан «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Республика күніне арналған экологиялық акциялар өтті, деп хабарлайды El.kz.
Акцияларға коммуналдық қызмет мамандары, ПИК және МИБ өкілдері, кәсіпкерлер, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараларға барлығы 7 мыңнан астам адам қатысып, 240-қа жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Елорданы көгалдандыру аясында 370-ке жуық ағаш отырғызылды. Олардың қатарында алма ағашы, қарағаш және қайың бар. Қатысушылар аумақтарды санитарлық тазалап, қоғамдық кеңістіктерді абаттандырды.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 180 аула ретке келтіріліп, 25 саябақ пен гүлзар, сондай-ақ 15 мәдени ескерткіштің айналасы тазартылды.
Жұмыс кәсіпкерлік нысандарының, қоғамдық тамақтану орындарының және басқа да ұйымдардың іргелес аумақтарын да қамтыды.
Айта кетейік, Республика күніне орай Астанада мәдени, қоғамдық, спорттық, білім беру және патриоттық бағытта 120-дан астам іс-шара өтіп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады