22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы күресте маңызды қадам болып саналатын адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыз балаларды вакцинациялау бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордада иммундау жұмысы қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. 2024 жылдың қыркүйек айында вакцинация басталып, жыл соңына дейін 6 091 қыз бала алғашқы дозаны алды. Оның ішінде 3 187-сі 11 жаста (жоспарлы вакцинация), ал 2 904-і 12-13 жаста (қосымша иммундау).
Бағдарлама 2025 жылы жалғасуда – бірінші айда 11 жастағы 351 қыз балаға және 12-13 жас аралығындағы 50 қыз балаға екпе салынды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-та өндірілген «Гардасил» төртвалентті вакцинасын қолдануды қарастырған. Ол адам папиллома вирусының (АПВ) ең қауіпті 6, 11, 16 және 18 түрлерінен қорғайды. Екпе мектептерде алты айлық үзіліспен екі кезеңде тегін жүргізіледі. Жатыр мойны обыры Қазақстанда әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Жыл сайын 600-ден астам қазақстандық әйел осы дерттен көз жұмады. Жаппай вакцинация – қатерлі ісіктің алдын алудағы стратегиялық қадам. Біз әйелдердің келесі ұрпағын АПВ-ден және онымен байланысты қатерлі ісік қаупінен қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеміз», - деді спикер.
Айта кетейік, вакцина АПВ-ның онкогенді түрінен 90-95% қорғайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев