Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласында кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында қысқы триатлон жарысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Бүгін бірінші рет қатысып тұрмын. Жасым - 18-де. Бағалы сыйлыққа ие бола алмадым. Сонда да қуаныштымын. Қиын болғаны - күн аяз болды», - деді қатысушылардың бірі Омар Оразбеков.
Қатысушылар мынандай қашықтықтарда жарысты:
- 2,5 км жүгіру;
- 3 км велосипед кезеңі;
- шаңғы кезеңі 2,5 км.
Жарысқа қатысуға мынадай жас топтарындағы қашықтықты еңсере алатын кез келген ниет білдіруші (ерлер мен әйелдер):
18-29 жас;
30-39 жас;
40-49 жас;
50-59 жас;
60 жас және одан жоғары.
«Бүгінгі «Қысқы триатлон» ойындары сәтті аяқталды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, 70-80 адам қатысты. 18-60+ жас аралығында қатысушылар. Бір қуантатыны - 60 жастан асқан үш қатысушы болды», - деді ұйымдастырушылардың бірі Диас Күнтуғанов.
Әрбір қатысушыда жарамды велосипед, басына киетін қорғаныс бас киімі және шаңғымен сырғанау жиынтығын алып келген.
Жарысты аяқтаған әрбір қатысушыға медаль табысталды. Әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары бүкіл қашықтықты еңсеруге жұмсаған ең аз уақыт бойынша анықталды. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары