23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Тәуелсіздік күні елордада қысқы спорт маусымы ашылды. Оған 300-ге тарта қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа арнайы Ақмола облысы, Көкшетау, Ерейментау қаларынан 120-ға жуық әуесқой шаңғышыларда қатысты.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, шаңғы жарысының қатысушыларына «старт» берді.
1985 жылы ашылған шаңғыроллер тасжолы - спортшылар ұнататын орын. Мұнда жазда велосипедшілер мен роллерлер, ал қыста шаңғышылар жиналады. Дәстүр бойынша шаңғыроллер тасжолында қысқы маусым шаңғы жарысымен ашылады. Биылғы алғашқы жарысқа қатысушылар арасында 80-ді еңсерген қарияларымыз бен, 7 жастағы шаңғышыларда бар, - дейді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.
Сонымен қатар шара аясында қала тұрғындары үшін гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс және белбеу күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік