Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы тоқтаусыз режимде қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 20 қаңтарда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2700-ден астам жол жұмысшысы және 1400-ден жоғары арнайы техника шықты.
20 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 793 рейспен 23 314 текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 275 940 рейспен 3,3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие, - делінген мәліметте.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?