Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАстанада ТЖМ құтқарушылары терезе алдында тұрған бүлдіршінді жазатайым оқиғадан аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласындағы Сарыарқа ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 2020 жылы туған бүлдіршін ашық тұрған терезе алдында жалғыз қалған. Оқиға Жеңіс көшесінде тіркелді.
Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, үш иінді сатының көмегімен үшінші қабатқа көтеріліп, баланы терезе алдынан аман-есен алып шықты. Кейін бүлдіршін ата-анасына табысталды.
Бұл ретте төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезе қауіпсіздігін назарда ұстауды қаперге салады.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік