23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында және адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді еске алуға арналған құқық қорғау және күштік құрылымдар арасында шайбалы хоккейден жарыстың ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Жарыста Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі Істер Министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күштері өзара күш сынасады.
Турнирдің мақсаты-қызметкерлердің дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, моральдық-еріктік қасиеттерін дамыту, хоккейді спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау.
Іс-шараның салтанатты ашылуында турнир қонақтары мен қатысушыларына ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтап, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі.
Іс-шара барысында Юрий Ильин Асқардың жұбайына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген І дәрежелі Айбын марапатын табыстады. Сондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев жылы лебіздерін білдірді.
Матч басталар алдында қатысушылар өрт сөндірушісі Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Екі күндік турнир үш кезеңнен тұрады, әрқайсысы айналмалы жүйе бойынша 15 минуттан және бірінші күн ҰҚК мен ІІМ және МКҚ мен ТЖ министрлігі жекпе-жегінен басталды.
Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері кімнің мықты екенін анықтайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік