Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТәуелсіздік күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінде «Әскер тарланы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсімде мамандықтары бойынша үздік атанған әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов олардың қызметте қол жеткізген жетістігі өз өмірін Отан қорғауға арнаған барлық әскери қызметшілер үшін үлгі екенін атап өтті.
– Сіздердің бүгінгі жеткен жетістіктеріңіз еңбекқорлық пен патриотизмнің жарқын дәлелі әрі өздеріңізге деген сенімнің жемісі деп білемін. Сол арқылы мыңдаған жүрекке сәуле түсіре білдіңіздер. Бұл марапат әскери қызметшілерді лауазымдық міндеттерін адал атқаруға ынталандырып қана қоймай, әскерге шақырылатын жастар мен өз өмірін әскери іске арнағысы келетін келешек буынның бойында әскери қызмет өткеруге қажетті дағдылар мен нағыз Отан қорғаушыға тән қасиеттерді қалыптастыруға қызмет ететініне сенімдімін, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Байқау жеңімпаздарын анықтауда әскерлердің жауынгерлік қабілетін нығайтып, әзірлігін арттыруға күн сайынғы жанқиярлық еңбегімен үлес қосып жүрген әскери қызметшілерге басты назар аударылды. Осыған сәйкес 24 номинация бойынша үздік мамандар анықталды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары