Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТөтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Сарайшық ауданы әкімдігімен бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясы аясында зейнеткерлердің ауласының қарын күреу шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараны ұйымдастырушылар Сарайшық ауданының қарт тұрғындарын аралап, аулаларының қарын күреді.
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шарбақты көшесінің бойындағы аулаларды қардан күреу арқылы қарттарға көмек көрсетілді. Басқа бөлімшелердегі әріптестерімізді акцияға қосылып, қарт азаматтарға қолдау көрсетуге шақырамын, - деді №23 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Манас Қадырбаев.
Аудан тұрғыны қар күреуге көмектескен қызметкерлерге алғыс білдірді. Қар күреу қарт кісілер үшін оңай шаруа емес, сондықтан мұндай көмекке үнемі қуанып қалады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Жастардың, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, мәдениет және спорт қайраткерлері ауа райының қолайсыз кезінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ таратып, қар күрейді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?