Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесКүн сайын коммуналдық қызметтер Астанадан жүздеген ауыр жүк көлігімен мыңдаған текше метр қар шығарады. Бұл жұмыс тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 11 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмыс жүргізеді.
10 желтоқсаннан 11-іне қараған түні елордадан 545 рейспен 7 мың текше метр қар жиналып, шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 75 703 рейспен 961 мың текше метр қар шығарылды, - делінген мәліметте.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді