Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың коммуналдық қызметтері қаладағы қар тазалығымен күндіз-түні айналысады. 14 қарашада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан астам арнайы техника мен 300-ден астам жұмысшы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 қараша күні елордадан 29 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 206 мың ауыр жүкке тең.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 240 мың текше метрден астам қар жеткізілді.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы басқа орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттарын, аялдамалар мен тротуарларды да тазалауға аса мән беріледі.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?