Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордада қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, бүгін қар тазалауға 1200-ден аса арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Қарашаның 9-ынан 10-ына қараған түні қаладан 2400 текше метр қар шығарылды, бұл - 188 ауыр жүк рейсі. Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындар қардан тазартылады, - делінген мәліметте.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін көшеде жүргенде өте мұқият әрі сақ болуды сұрайды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар