6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада қаңтар оқиғасы кезінде Тараз бен Алматы қалаларында тәркіленген қару-жарақтар көрмесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көрмеге қаңтар кезінде жас ұландар, полиция қызметкерлерінің алаңда киген киімдері мен қорғаныс заттары ұсынылды. Сондай-ақ, дүкендер мен полиция қызметкерлерінен тартып алынған 200-ден астам қару-жарақтың түрлері қойылды. Оларды тергеу департаментінің өкілдері таныстырды.
«Полиция қызметкерлерінің жедел профилактикалық шаралар нәтижесінде 4613 қару табылды. Қызметтік және азаматтық дүкендерден ұрланған қару-жарақтың 1900-ден астамы әлі іздестіріліп жатыр. Оның ішінде автомат, пистолет және тағы басқа қару түрлері бар. Қарудың 1200-ге жуығы полиция органдарына тиесілі», - деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Сонымен қатар, қаңтар кезінде 3000-ға жуық полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алып, бірқатары әлі емделіп жатқанын атап өтті.
«Соның ішінде 111 қызметкер суық қарудан ауыр жарақат алып, олардың 28-і әлі күнге дейін ем алып жатыр. Ал 2 қызметкер аса ауыр жарақатпен қазіргі таңда Түркия елінде емделуде», - деді ол.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі