6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада полицейлер есірткі жасырумен айналысқан қыз бен жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Астана қаласының полицейлері заңсыз есірткі айналымына тосқауыл қою барысында синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық акциясы аясында өтті. Тексеру барысында «KIA RIO автокөлігі тоқтатылып, ішінде 31 жастағы ер адам мен 22 жастағы қыз болған. Көлік салонын тінту кезінде сөмкеден ақшыл түсті ұнтаққа ұқсас зат салынған 20 орама табылды, - делінген мәліметте.
Бұдан бөлек, азаматшаны жеке тінту кезінде осындай тағы 10 орама анықталды. Жедел топ күдіктілердің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, жатын бөлмеден дәл сондай 53 ораманы тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың есірткі құралы — мефедрон екені анықталды. Тексеру барысында күдіктілердің шамамен бір жыл бойы Telegram желісі арқылы синтетикалық есірткіні таратумен айналысатын интернет-дүкенге "қоймашы-тасымалдаушы" қызметін атқарғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам мен қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тұрғындарды есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет туралы мәліметті дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі