Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордадағы Beeline Arena спорт кешенінде 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, осы аптаның соңында қазақстандық спортшылар өз жанкүйерлерінің алдында шеберліктерін көрсетпек.
Турнир барысында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі – жаңа Олимпиада цикліне байланысты салмақ дәрежелерінің өзгеруі. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі. Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада бағдарламасына кірмейтін екі салмақта (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлделер үлестірмек.
Бұл айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады. Олар:
Асылан Нұрдәулетов (73 кг);
Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);
Ерболат Бекентаев (90 кг).
Жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді. Ал жарыстар күн сайын сағат 10:00-де басталады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?