2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында тарихи іс-шара өтті, елордада әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келді.
Кештің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялап, іс-шараға ерекше бірлік пен стиль берді. Әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді кең таралып, жанкүйерлер балалық шақтағы кумирлерін қарсы алуға қалай дайындалғанын көрсетті, - делінген мәліметте.
Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың кезекті қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген ауқымды мәдени оқиғаға айналды.
Әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys 130 миллионнан астам альбом сатты. Астанадағы концерт олардың әлемдік турнесінің бір бөлігі болды. Ал 2025 жылы топ Лас-Вегастағы әйгілі The Sphere кешенінде рекорд орнатып, бір күннің ішінде 500 мыңнан астам билеттің сатылуымен тарихтағы ең көп сатылған шоуға қол жеткізді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс