Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЕлордадағы Орталық саябақта абаттандыру жұмысы басталды. Жаңарту жұмысы 15 мың шаршы метрден астам аумақты қамтиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл – «Қазақстан күні» монументінен бастап Есіл өзенінің жағалауына дейінгі бөлік.
Бұл жерде ескі және зақымдалған гранит плиталар жаңартылып, көше жиһаздарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жарықтандыру жүйесі, сәндік шамдар мен субұрқақ кешенінің коммуникацияларын қоса алғанда, инженерлік желілерге ауқымды жаңғырту жасалады.
Жаңартудың басты элементтерінің бірі – субұрқақ бойындағы аллея болады. Мұнда 150-ден астам жөке және шырша ағашы отырғызылады. Жаңа ағаштар саябаққа ажар беріп, серуендеуге қолайлы жайлы орта қалыптастырады.
Жөндеу кезінде саябақтағы жаяу жүргіншілер бөлігі ішінара жабылады, дегенмен аллеяның бір жағы келушілер үшін ашық болады. Аудан әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Саябақты абаттандыру – елорданың жасыл қорын көбейту және қоғамдық кеңістіктерді жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады