13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕлорданың жалпы білім беру мектептерінің 8-10 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2025» қалалық чемпионатын өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
19 мамырда басталған қалалық біріншілік 31 мамырға дейін жалғасады. Елордалық 27 білім беру мекемелерінен 84 оқушы қатысатын чемпионат 8 құзыреттілік бойынша өтіп жатыр. Олардың ішінде мейрамхана қызметі, сән технологиясы, элекромонтаждық жұмыстар, мобильді робототехника, мобильді қосымшаларды әзірлеу, графикалық дизайн, веб дизайн және әзірлеу, кәсіпкерлік секілді бағыттар бар.
Чемпионат барысында қатысушылар өздері таңдаған сала бойынша негізгі кәсіптік білімі мен практикалық әлеуетін де паш етеді. Бұл жарыс жас жеткіншетердің болашақ мамандығына қатысты кәсіптік маңызды дағдыларын қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, мол тәжірибе берері сөзсіз.
Кәсіптік чемпионаттар легі мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы күндері колледж студенттері де өзара бақ сынамақ.
«Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен осы жылдың 27 мамыры күні Астана қаласы әкімдігінің «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің базасында Графикалық дизайн және Веб-дизайн және әзірлеу құзыреттіліктері бойынша чемпионат өтуде. Ал 30-31 мамыр күндері Құрылыс техникалық колледжі базасында Элекромонтаждық жұмыстар бойынша чемпионат өтетін де еске саламыз, - дейді ұйымдастырушылар.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды