6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Форумның ашылуына Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. Жиын аясында өткен пленарлық отырыстарда танымал медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар мен блогерлер қазақтілді онлайн медианы дамытуға қатысты ауқымды мәселелерді талқылады.
Көпшіліктің сүйікті әншісі Мархаба Сәби бүгінгі форумның хедлайнері ретінде арнайы шақыртылды. Ол жиынға қатысушылар үшін сағат 18:30 – 20:00 аралығында өнер көрсететін болады.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара елімізде 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен «Business Event&Rent» агенттігі бірлесе ұйымдастырды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі