Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Астана Опера» театрының Үлкен залында «Nomad Inspiration» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Астана Опера» театрының балет труппасы мен этно-фольклорлық HasSak тобының бірлескен жобасы «Опералия» халықаралық музыка фестивалінің бір бөлігіне айналды. «Астана Опера» театрының балет әртісі, жарқын әрі жас хореограф Сұлтанбек Ғұмардың ерекше идеялары, HasSak ансамблі, сондай-ақ композитор Хамит Шаңғалиевтің аспаптық музыкасы үйлесім тапқан кеш болды.
Қала тұрғындары мен қонақтары «Астана Опера» балет труппасының орындауындағы бірегей хореографиялық қойылымдарды тамашалады. Атап айтқанда, А.Райымқұлованың музыкасына қойылған «Мәңгүрт» қойылымында балет солисі Серік Нақысбеков пен әртіс Лимара Айдарова өнер көрсетті.
Кеш бағдарламасында сондай-ақ HasSak ансамблінің музыкасына қойылған «Той бастар», «Аралым», «RUH», және Х. Шаңғалиевтің музыкасына жазылған «Әлем» туындылары болды. Жоба авторларының айтуынша, мұндай бастамалардың ірі халықаралық фестивальдер аясында ұсынылуы қазақстандық мәдениетті әлемдік сахнада кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды