30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлорданың Алматы ауданында кезекті рейд жүргізіліп, оның барысында насыбай және басқа да шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату деректері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шара құқық қорғау органдары мен аудан әкімдігінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Рейд барысында полицейлер ірі тұрғын аудандарда орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Шара нәтижесінде насыбай мен снюстың заңсыз саудасы анықталған жоқ.
Сонымен қатар, дүкен иелерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салуды еске салып, мұндай бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Біз тұрақты түрде профилактикалық рейдтер өткіземіз. Бүгінгі тексеруде ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Соған қарамастан, біз кәсіпкерлерге заң талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерттік, - деп атап өтті Алматы учаскелік полиция инспекторы Ғалымбек Мәуленов.
Құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған рейдтер жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға және кәсіпкерлердің заңды сақтауға байланысты жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Осындай профилактикалық шаралар елорданың барлық ауданында жүргізіліп жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды