Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған.
Қаржы компаниясы «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларындағы талаптарды негізге ала отырып, лицензиясынан айырылды.
– Белгілі болғандай, қаржы ұйымында қарыз алушылардың борыш жүктемесінің негізсіз ұлғаюына әкелген жағдайлар болған. Яғни МҚҰ-ның жүйелі түрде қызметін теріс пайдаланғанын байқатып отыр. Алайда микроқаржы ұйымын лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды, - деді агенттік.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс