6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада мажардың ұлы ақыны Шандор Петөфи атындағы көше ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл мажар халқының көрнекті өкілі Шандор Петөфидің туғанына 200 жыл толып отыр. Осыған орай бауырлас елдің ұлы қайраткерінің есімі Есілдің сол жағалауындағы көшелердің біріне берілді.
Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарын жалғайтын бұл көше бұрын шартты түрде Е108 деп аталатын. Бүгін оған салтанатты түрде мажар ақыны Шандор Петөфидің есімі берілді.
Шараға Қазақстан мен Мажарстанның Сыртқы істер министрлері, депутаттар мен қоғам белсенділері қатысты. Тараптар бұл екі ел арасындағы дипломатиялық, әсіресе, мәдени байланыстарды арттыратынын айтты. Астанада тұрып жатқан Мажарстан азаматтары да ұлы ақындарының есімі бауырлас елде ұлықталғанына дән риза.
Бұған дейін Венгрия Астанасы Будапештте Астана деген көше ашылып, Абайдың ескерткіші орнатылған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі