Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Сахна сыртындағы жұлдыздар» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өнер адамдарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара аясында мәдениет және өнер саласында қызмет етіп жүрген мамандар түрлі номинациялар бойынша марапат пен сыйлықтар алды.
Салтанатты жиынның марапаттау рәсімінің ресми ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 876 Жарлығы бойынша ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан ерекше үлесі, мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының» әртісі Нұрай Танабаевты және «Ерен еңбегі үшін» медалімен Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» актері Оразалы Игілікті марапаттады.
Сол сияқты мәдениет саласының үздіктері де төсбелгімен марапатталды. Бұдан бөлек, мәдениет және өнер саласында қызмет етіп жүрген 14 маман түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Кеш соңында барлық мекеме басшыларының атынан қызметкерлерге тосын сый жасалып, жылы лебіздерін жеткізді.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд