Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліНұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел даңғылының екі учаскесі жабылады, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
«Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемін жөндеуді бастайды. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5-8 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады. Сонымен қатар 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде даңғыл толығымен жабылады», делінген хабарламада.
Елорда әкімдігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсінікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасы хабарламасында.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс