23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?15 мамыр күні сағат 15:00-де елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Кырғызстан – Астана» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған «Тау мен дала кездесуі» атты шығармашылық кеш өтеді.
Аталған ауқымды іс-шараға Қырғызстанның қоғам қайраткері, жазушы, Ш.Айтматовтың әпкесі Розетта Айтматова және белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, Елшіліктердің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА жастар қанатының өкілдері қатысады.
Іс-шара аясында дөңгелек үстел, «Тау мен дала кездесуі» атты суретшілер көрмесінің ашылуы, жазушылардың жастармен кездесуі, бірқатар кітаптардың таныстырылымы, «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты халықаралық эссе байқауы мен «Манас Ааламы» атты жас манасшылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Сондай-ақ, Ш.Айтматов мұражайының (№79 мектеп-лицейінде) ашылуы және Ш.Айтматов шығармасының желісімен сахналанған «Қызыл орамалды шынарым» спектаклінің (Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында) қойылымы жоспарлануда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік