Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарКрещение мерекесіне орай Астанада суға түсуге арналған орындар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл Крещение мерекесінің рәсімі 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтеді.
Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің оң жағалауындағы, М. Өтемісова атындағы Оқушылар сарайы ауданында, «Гранд Алатау» ТК және сол жағалаудағы «Астана» саябағының жағалауында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің жанында) орнатылады.
Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар 2:00-ге дейін қолжетімді болады. Сондай-ақ жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 8:00-ден 20 қаңтар сағат 02:00-ге дейін жалғасады.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деп отыр. Рәсім күні шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?