12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕлордадағы құрылыс алаңында мерт болған жұмысшы өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы
18 шілдеде сағат 20:00 шамасында құрылыс алаңында кран құлады. Кран ішінде болған ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Құрылыс жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ресми ақпаратта.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, елордадағы Тұрар Рысқұлов көшесі 18/5 үй мекенжайында орналасқан «Абырой» тұрғын үй кешені аумағында қатты жел салдарынан кран аударылып қалған. Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес 18 шілде сағат 20:07 шамасында желдің кенеттен қатты соғуынан кран аударылып, бір жұмысшы тіл тартпай кеткен.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер