Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың балкондарына «Менің елім – менің туым!» челлендж аясында 1000 мемлекеттік ту ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдады. Мереке қарсаңында жастар осындай ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына 1000-ға жуық ту ілінді.
Патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар елорда көшелерінде жүрген жолаушыларды да ерекше әсерге бөлейді. Астаналықтар жылы қабыл алып, акцияға қосылды.
Жұмысқа бара жатқанымда Республика даңғылындағы үйлер мемлекеттік тумен безендірілгенін көрдім. Жұмысқа бара жатқанда ешнәрсе ойламайсыз, ал мұндай жайт ерекше көңіл-күй сыйлайды. Меніңше, жұрттың ойын күнделікті күйбең тірліктен бөліп, бәріміз бір «үйде» өмір сүретінімізді еске салу пайдалы, - деп бөлісті Астана тұрғыны.
Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы, Қабанбай батыр, Тұран, Республика, Қошқарбаев даңғылдарында, Нәжімеденов, Сарайшық, Сығанақ, Достық және т.б. көшелер), жол бойында ҚР тулары желбіреп тұр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары