Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордада ауа райының жылынуымен көшелерді, алаңдар мен аулаларды санитарлық тазалау жұмысы басталды. Жұмыс тәулік бойы екі ауысымда жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қаланың көктемгі санитарлық тазалығына екі мыңға жуық жол жұмысшы мен 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
Арнайы ерітінді арқылы асфальт пен тротуарлар, қоршаулар, жерасты өткелдері, жол белгілері жуылады, қоқыс жәшіктері қолмен тазаланады.
Тазалық жұмысы қаланың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде де жүргізіледі.
Сол сияқты көпірлер, ескерткіштер арнайы өңдеуден өтеді, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылады, ал қоқыс жәшіктері боялады.
Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер еріген қар суын арнайы көлікпен сорып алады. Бұл жұмыстың бәрі тәулік бойы бірнеше ауысымда жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде елордада «Бірге таза Қазақстан» дәстүрлі экологиялық акциясы басталады. Эко-айлық аясында жалпы қалалық сенбілік өткізу және көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?