Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚыс мезгілінен кейін қаланың барлық ауданында қоршаулар мен саябақтар, гүлзарлар мен алаңдар, аулалар адам көп жиналатын өзге де орындар тазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Таңертеңнен кешке дейін елорданың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде қаланың коммуналдық қызметтері санитарлық тазалық жұмысын жүргізеді.
Осылайша, көпірлер, қоршаулар, тротуарлар, жол және көрсеткіш белгілері жуылады. Гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер және тағы да басқа қоқыстан тазартылады.
Ескерткіштерді, шағын сәулет нысандарын шаң мен кірден тазартуға ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ ағаштардың түбін қопсыту, қурап қалған бұталарды кесу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ағаштың қурап қалмауы үшін жасалады.
Айта кету керек, тұрғындар тарапынан да тазалық сақталуы керек, қаланы осылайша әдемі, жайлы және таза күйінде ұстауға болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары