12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін сағат 16:00-де елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы 24/9) Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты байқау өтеді.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді үйренуді, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастарды қазақ мәдениеті мен шығармашылығына ынталандыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау.
Елордалық этномәдени орталықтардың жастары қатысатын байқау 3 кезең бойынша өтеді:
1) «Менің Отаным – Қазақстан» ауызша таныстырылымы
2) «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты театрландырылған қойылым («Язык-Золотой мост дружбы»)
3) қазақ әдебиеті классиктерінің және қазіргі заман әдебиеті ақындары мен жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер