7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанада 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 компания-реализаторлар өз қызметін жүзеге асырады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.
Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша "Қауырт желі" жұмыс істейді, онда тұйықтықтағы (тупик) көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.
Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде:
Шұбаркөл-тоннасына 13 800 тг;
Қаражыра-тоннасына 14 500 тг;
Майкөбе-тоннасына 12 700 тг.
Еске сала кетейік, елордада қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. Екі аудан - Алматы және Сарыарқа аудандары - үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілді. Олар: Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, "Железнодорожный", Промышленный, Оңтүстік-Шығыс, оң жағы, Оңтүстік-Шығыс сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный көшелері, сондай-ақ Потанин көшесіндегі қаланың ескі бөлігі. 680 км астам газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды, кварталішілік желілер тартылды. Газға 5,7 мыңнан астам үй қосылған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?