30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада «Grand Fest» музыкалық фестивалі басталды. Іс-шара аясында елордадағы амфитеатрда «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерті өтті, деп абарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер ұжымы дәстүрлі күй мен халық әндерін заманауи авторлық өңдеуде орындап, ұлттық мұраны жаңаша үлгіде паш етті. Концерттік бағдарламада жаңа туындылар мен эксклюзивті музыкалық композициялар ұсынылып, ансамбль әртістерінің шеберлігін айқын көрсететін бірегей музыкалық әуендер орындалды.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айзат Қарабек, Ерболат Шалдыбеков, халықаралық конкурстардың лауреаты Жанту Дадабаев қатысты.
Бұл іс-шара «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырған «Grand Fest» музыкалық фестивалі аясында концерттік бағдарламалар сериясының бір бөлігі болды. Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасы, жанды музыка және жанрлық ерекшелік - барлығы да түрлі буын өкілдерін өнер айналасына топтастыратын жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырды,-деп атап өтті министрліктен.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды