Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек18 қазанда Астанадағы Mega Silk Way ойын-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп, биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде дайындалған.
Экспедиция мақсаты Қазақстанның туристік өңірлерінің әлеуетін ең үздік отандық фотографтар мен саяхатшы блогерлердің фотоаппараттары мен видеокамераларының обьективі арқылы паш етіп, ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін беруді көздеді. Соған орай, команда мүшелері еліміздің Түркістан, Алматы, сондай-ақ шығыс пен батыс өңірлерінде болып, байтақ Отанымыздың алуан айшықты тұмса табиғатымен танысты.
National Geographic Qazaqsan редакциясы осы сапарлар барысында түсірілген 2500-ден астам фотосуреттің ішінен ең үздік 15 суретті іріктеп, көрмеде ұсынып отыр.
Ұланғайыр жеріміздің тамаша табиғатының ғажайыптарын көрсететін көрме 18 қазаннан 7 қарашаға дейін жалғасады
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?