Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКриминалдық полиция басқармасының қызметкерлері кезекті есірткі таратушының заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қала аумағында есірткі таратумен айналысқан 36 жастағы азамат ұсталды. Жеке тексеру кезінде ер адамның күртесінің қалтасынан 300 мың теңгеге жуық ақша табылды. Кейін үйінде, асүйдегі шкафтан 937 мл көлеміндегі сұйық ашық-қоңыр түсті зат құйылған пластикалық бөтелке, 400 майды құюға арналған пластикалық ампула және ішіне сұр-жасыл түсті зат салынған қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша тәркіленген зат — гашиш.
Сонымен қатар, күдіктінің айтуы бойынша ол есірткіні таратуға арналған мекенжайлар да тексерілді. Нәтижесінде бірнеше орыннан әрқайсысында 4 ампуладан бар 2 түйіншек алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес бөтелке мен ампулалардағы зат “каннабис шайыры” есірткісі болып шықты. Осылайша, заңсыз айналымнан шамамен 1 литр гашиш майы тәркіленді.
Тергеу барысында ер адамға Telegram арқылы есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеу ұсынылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары азаматтарға есірткіге байланысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?