Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордалық еріктілер аязға қарамастан тоңған астаналықтарға бауырсақ пен ыстық шай ұсынды. Мұндай акциялар жыл сайын ауа райының суытқан уақыттан басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қоғамдық көлік күтіп тұрған жолаушыларға, көшедегі сауда шатырларында сауда жасайтын тұрғындарға және автобус жүргізушілеріне бауырсақ пен ыстық шай үлестіріп, алғысына бөленді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, суық күнде бауырсақ пен ыстық шай таратудың өзі адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырады.
Қазіргідей суық күнде елордамызда волонтерлердің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл іс-шара тұрғындар мен қонақтар үшін нағыз жылулық көзіне айналды. Ыстық шай мен жылы лебіздер адамдардың жүрегін жылытып, көңіл күйін көтерді. Бұл іс-шара қарым-қатынас пен өзара көмек көрсетуге үндейді, сондай-ақ қоғамда бірлік пен достықты нығайтуға қызмет етеді. Акцияға қатысқан әр адам өзара мейірім мен қамқорлықтың атмосферасын сезіне алады, - деді «Астана жастары» волонтері Мерей Қалел.
Айта кету керек, мұндай акция қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді