Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды.
14 қаңтар күні таңертең қала бойынша қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 42 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 3 038 рейс жасалды.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 152 748 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.
Сол сияқты қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасы себіледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары