7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?«Астана Опера» театрында ұлы итальялық композиторға арналған «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, концертті әйгілі дирижер, итальялық Джузеппе Аквавива басқарды.
Аталмыш іс-шара композитордың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Көрермен алдында Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларын жетекші солистер шырқады.
Қатысушылар арасында әлемге әйгілі опералық әншілер - Мария Мудряк, Марина Медичи және Раффаэле Абете, сондай-ақ Қазақстан сахнасының жұлдыздары, хор әртістері мен театрдың симфониялық оркестрінің музыканттары болды, - делінген мәліметте.
Бағдарламада Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларынан ариялар, дуэттер шырқалды. Бұл әстістер мен көрерменге оның музыкалық мұрасын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік берді.
Музыкалық бағдарламадан бөлек, театр фойесінде «Жүз жылдық мұра, шеберлік және итальялық құмарлық» атты бірегей көрме ұйымдастырылды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?