Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында көкпардан жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара 21 шілде Астанадағы «Тұлпар» ат спорт клубында ұйымдастырылды. Қатысқан 4 команданың құрамында спортшылардан бөлек медиатұлғалар да кірді. Оған қоса, төл спортты насихаттау мақсатында чемпионат көрермендеріне арналған асық ату мен ләңгі тебуден жарыс өтті.
Қала тұрғындары үшін көкпар ұлттық ойынын насихаттау мақсатында осы іс-шараны өткізіп отырмыз. Көкпар өте күрделі спорт түрі. Алайда біз бүгінгі ойын арқылы қазақтың қарапайым әр азаматы көкпар шаба алатынын көрсеткіміз келді. Одан бөлек, алда келе жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау жоспарымызда болды, - деді «Азия Көкпар лигасының» ұйымдастырушысы Әлішер Ислам.
Ұйымдастырулардың сөзінше, бұл іс-шараны қыркүйек айында Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің командаларының қатысуымен халықаралық форматта өткізу жоспарланып отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары