6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласының әкімдігі діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің құрамын бекітті деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған құрам түрлі салада еңбек еткен белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдардан құралған. Бұл құрамдағы 36 адамның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар.
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жыл бойы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат, конфессияаралық келісім мен Қазақстанның дәстүрлі рухани құндылықтары мәселелері бойынша қала тұрғындарымен 700-ден аса кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі