23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада 28 және 29 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімі ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады.
Шара 28 және 29 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кету керек, елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде) мекенжайында тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін келушілерге ашық.
Келушілердің ыңғайлығы үшін жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50, 73 бағытындағы автобустар жүреді. Бұл шара өтетін орынға жылдам жетуге мүмкіндік береді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады