Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Золотой фазан» (Қоянды ауылы) демалыс орталығында «Жастар жолы» атты жастар мектебінің форумы өтеді. Ашылу салтанаты сағат 11:30-да.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараның мақсаты – Жастар жылы аясында жастардың бір-бірімен етене танысып, еркін форматта өзара тәжірибе алмаусына мән беру. Сондай-ақ, жақсылыққа, болашаққа бағдар алған жастардың уақытын тиімді өткізуді қамтамасыз ету.
«Жастар жолы» жастар мектебі – өмірге құштар әрі жаңа дүниелерді танып-білуге құмар жастардың алаңы. Екі күн бойы әр саланың білікті мамандары жастарға мотивациялық тәжірибелерімен бөліседі.
Олардың қатарында: продюсер Алпамыс Шәрімов, жиһангез Динара Болат, құрылыс мекемесінің негізін қалаушы Мөлдір Меңсұлу, кәсіпкер Андрей Судаков, бренд-стратегтер Әлібек Рысбаев пен Әлібек Рысбаев.
Бірі ойындар мен тимбилдинг арқылы қызықты орта қалыптастырса, енді бірі өмірлік жетістіктері мен жастарға саяхат әлемінің қыр-сырларымен бөлісетін болады.
Қазақ эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ниематилло Згруллаев, «Бастау» домбырашылар тобы, Жұлдыз Уалихан және тағы басқа өнерпаздар көрермендерге әсерлі әндері мен күйлері арқылы жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.
Форумның жабылу салтанаты 25 тамызда сағат 18:00-де өтеді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды