29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордада жыл сайынғы «Бұрқасын 2023» қысқы фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шараның ашылу салтанатына ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, жарыс қатысушыларға сәттілік тіледі.
Биыл жиырма үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған қысқы спорт фестиваліне 1800 қатысушы тіркелген.
Фестиваль барысында қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түсуде. Олар шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.
Спорттық іс-шара Астана қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек