Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады26 желтоқсанда «BIZ ВIRGEMIZ FEST» республикалық қайырымдылық музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласында ең ауқымды «BIZ ВIRGEMIZ FEST» республикалық қайырымдылық музыкалық фестивалі өтеді. Шара «Biz Вirgemiz Qazaqstan» қоғамдық қоры мен Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылуда.
Кештің басты ерекшелігі – әлемдік деңгейдегі халықаралық байқауларда көк туымызды көкке көтеріп жүрген, республика бойынша өте талантты ерекше балалардың үлкен сахнада өнер көрсетуі болмақ.
Шара мүмкіндігі шектеулі және мүгедек шығармашылық дарынды балалар мен жастарды, қазақстандық эстрада жұлдыздарын, меценаттарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді.
Сондай-ақ, фестиваль барысында демеушілер тарапынан пәтер кілті екі көпбалалы аз қамтылған отбасыға табысталады.
Кештің басты хэдлайнері – Димаш Құдайберген. Сонымен қатар, фестивальде Кенжебек Нұрдолдай (зағип әнші, музыкант, Андрей Малаховтың «Песня от всей души» шоу-бағдарламасының қатысушысы), «SENSITIVE» би тобы (АҚШ-та өткен орындаушылық өнердің 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік чемпионатының жеңімпаздары), Алтыншаш Мұқатаева (әнші, «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы) т.б және еліміздің эстрада жұлдыздары, атап айтқанда: HAZIMA, Тамара Асар, «Бастау» тобы, KOBA&MANS, Mona Songz, ALPHA, Aidyn, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай өнер көрсетеді.
Шара кезінде «Қарақат» мектеп студиясының 100 шәкірті жетігенде, «Алтын Домбыра» мектебінің 100 оқушысы домбырада ұлттық күйлерді ойнайтын болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары